Жаңалықтар

Қоныстой тойлады

Нұр-Сұлтанда мереке күні кезекте тұрған 400-ге жуық отбасы пәтер кілтіне ие болды. Оның ішінде «Отбасы банкі» арқылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша кезекте тұрғандар бар. Желтоқсан айында 2 мыңнан астам кезекте тұрған отбасы әлеуметтік пәтерге қол жеткізді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл қолжетімді тұрғын үй саны 10 мың пәтерге дейін ұлғайтылды.

[smartslider3 slider=1525]

Жаңа қоныстанушыларға кілттерді елорда әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов табыс­тады. Үйлер Есіл ауданында орналасқан (Е34 және Е44 көшелерінде).

«Тәуелсіздік күні қаланың жаңа ауданында жаңа пәтерлердің кілтін тапсыру – мен үшін үлкен құрмет. Бүгін осы үйдің маңында біз ең заманауи жабдықтармен жабдықталған, 4 мың оқушыға арналған BINOM мектебін аштық. Әрине, бұл ауданда әлі көп жұмыс бар. Инженерлік инфрақұрылым бойынша жұмыстарды жалғас­тырамыз, жолдар мен өтпе жолдарды, қоғамдық көлік жұмысын ұйымдастырамыз. Бірақ ең алдымен біз жұрт өмір сүріп, балаларын оқыта алуы үшін тұрғын үй мен мектепті аштық. Болашақта бұл аудан елордадағы ең жайлы орындардың біріне айналатынына сенімдімін. Баршаңызға амандық, денсаулық, бақыт, табыс тілеймін! Қоныстой құтты болсын!» деді Нұрлан Нұркенов кілттерді тапсыру кезінде.

Қоныс иелерін «Отбасы банк» АҚ орталық филиалы директорының орынбасары Жанар Ізімбетова да құттықтады. «Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен, сондай-ақ қоныстойларыңызбен құттықтаймын! Жаңа үйлеріңізде береке мен молшылық болсын!» деді ол.

Бибігүл Тұрабаева баспаналы болған бақытты жандардың қатарында. Ол елордада 2007 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрған. «Мен елорда тұрғынымын, №1 балалар ауруханасында медбике болып жұмыс істеймін. 2007 жылдан бастап тұрғын үй кезегінде тұрмын. Бүгін мереке күні баспаналы болдым. Осындай маңызды оқиға мерекемен қатар келгеніне қуаныштымын. Қазақстанның барлық азаматын Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтаймын! Баршаңызға бейбітшілік, жақсылық тілеймін!» деп қуанышымен бөлісті Бибігүл Тұрабаева.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елордада қолжетімді тұрғын үй көлемін ұлғайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Биыл Нұр-Сұлтанда 10 мың әлеуметтік пәтер салынды. Тек соңғы үш жылда қолжетімді тұрғын үй саны 5,5 есеге артты. Мысалы, 2018 жылы 1800 әлеуметтік пәтер берілген болса, 2019 жылы – 2900 әлеуметтік пәтер, 2020 жылы 7000-нан астам пәтер салынып, пайдалануға берілді. Биылғы меже – 10000 әлеуметтік пәтер.

Сонымен қатар Елбасының бастамасымен қолға алынған «Жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы биыл да жалғасын табады. Сол сияқты жастарға арналған «Elorda Jastary» арнайы тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button