Қоғам

Қорғалжын – қоқиқаз отаны

Мектептегі қосымша білім беру бағдарлама­сына орни­тологиялық бақылауды да енгізу жоспарланып отыр. Қорғалжын обсервато­риясының базасындағы құстарды зерттеу орталығында еліміздегі оқушыларға эко­логиялық сауаттандыру жобасы іске қосылды.

Ақмола облысы аумағындағы орнито­логиялық орталық өткен жылы ашылды. Оның мақсаты – жас ұрпақты туған жерді сүюге баулу, ой-өрісін кеңейту, өңірдегі жануарлар дүниесі туралы мәлі­мет беру. Орталық мамандары жұмысқа пайдаланатын бірқатар практикалық және әдістемелік құжаттарды жасап шығарды. Атап айтсақ, табиғат күнделігі, құстардың өміріне бақылау жасайтын күнделік балалармен жұмыс істеу барысында қолданылады.

Бұл жоба АҚШ-тың Қазақ­стандағы елшілігінің шағын грант­тары бағдар­ламасы бойынша жүзеге асырылды. Қорғалжын экологиялық обсерватория­сының директоры Құралай Түсіпбекова гранттық қолдаудың нәтижесінде қо­рықты мекендеушілерді ба­қылау инфра­құрылымы қа­лыптасып, қонақүйлердегі қызмет көрсету сапасы артқанын айтады. «Грант­тық қолдаудың алты айында орнитологиялық бақылау кешені әзірленеді» дейді ол.
АҚШ елшілігінің шағын грант­тар және бюджет бағ­дар­ламасының ассистенті Серік Досалиевтің айтуынша, елімізде биыл 300-ден аса әртүрлі тұ­жырымдамалар мақұлданған. Солардың бірі – Қорғалжын эко­логиялық обсерваториясы. – Біз оқушылар мен олардың ата-аналары бұл идеяны өз ортасында одан әрі дамытады деп үміттенеміз, – деді С.Досалиев.
Қорғалжын мемлекеттік қорығы дирек­торының міндетін атқарушы Алексей Кошкин тілшілерге бірегей қорықты дамытудың маңызды жақтарын әңгімелеп берді. Ол еліміздегі құстардың 76 пайызы Қорғалжын қорығының аумағында шоғырланғанын мәлім етті. Ең бастысы, бұл қорық әлемдегі ең әдемі құс – қоқиқаздың отаны саналады.

Тағыда

Төлен Тілеубай

«Астана ақшамы» газетінің шеф-редакторы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button