Жаңалықтар

Қостанайда – Астана күндері

Қостанай облысындағы бас қаланың мәдени күндері аясында Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев пен облыс басшысы Архимед Мұхамбетов жүздесіп, екі өңірдің алдағы уақыттағы әріптестік байланысын сөз етті.

Кездесуде Ермек Аманшаев екі аймақтың қарым-қатынасын әңгімелеп: «Біз Астананың 20 жылдығы мерекесі аясында осымен еліміздің алтыншы облысына ат басын тіреп отырмыз. Қазіргі күнде елордамыз соны бастамалар мен әлемдік шаралар өтетін айшықты ордаға айналды. Астана мен Қостанай облысының жан-жақты байланысы бұдан әрі өрлей береді» деп сөзін түйіндесе, облыс басшысы бүгінде екі өлке арасында жүзеге асып жатқан ортақ жобаларға тоқталып, бас қаладан үйренетін үрдістердің көп екендігін жеткізді.

Одан кейін өңіраралық әріптестікті дамытуды көздеген екіжақты меморандумға қол қою рәсімі болды. Бұл рәсімге кәсіпкерлік, ауылшаруашылық басқармалары мен «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ және «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ, «Astana Innovations» компаниясы мен Қостанай қалалық әкімдігі қатысты.

Биыл Тобыл өлкесі кіндік қаланың мерейтойына 100-ден астам түрлі мәдени шаралар тізімін бекіткен.

Елорда күндері шеңберінде қост анайлықтар бас шаһардан барған өнерпаздардың «Астанадан, ақ тілек!» атты концертін тамашалады.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button