Қоғам

«ҚТЖ» бастауыш ұйымы кездесу өткізді

10 желтоқсанда ҚР Парламенті Мәжілісінің және жергілікті мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың партиялық тізім ұсынған партиялардың үгіт жұмыстары басталды. Осыған орай кеше Nur Otan партиясы «ҚТЖ» ҰК» АҚ бойынша бастауыш партия ұйымының мүшелері Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаттығына үміткерлерімен кездесті.Сол үміткерлер қатарындағы ұлттық компанияның бас инженері Батыр Котырев тілеулестерімен кездесуде партияның Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасымен және сол бағдарламаға аталған бастауыш ұйымы атынан ұсынылып, қабылданған тармақтар туралы сөз етті. Жиынға партияның Есіл ауданы бойынша филиалының өкілі Мархат Қасымов та қатысты. Оның айтуынша, бас партия атынан Есіл ауданы бойынша алдағы сайлауға 61 үміткер қатысуда. Ол Батыр Котыревке партия мүшелері атынан қалалық партия штабының мүшелігіне өткендігі туралы куәлігін табыс етті.
– Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында мен Праймериз науқаны кезінде сайлаудың бірінші кезеңінен өттім. Әлі алда бірнеше кезең тұр. Алдымен дауыс беру кезеңінен, сосын сайлау күні таңдаудан өту керек. Арнайы кесте бойынша барлығы 5 кездесу өткіземіз. Ал қаңтардағы сайлауға бәріміз қатысуымыз керек. Партияның елорда бойынша сайлауалды бағдарламасымен бәрі таныс деп ойлаймын. Оның ішінде қолжетімді баспана, үлескерлік құрылыс, әлеуметтік мәселелер, білім мен денсаулық саласын дамыту, шеткі аймақтар жайы, кеңістікті ұйымдастыру, газдандыру, қоғамдық көлік және жол, кәріз және тазарту жабдықтары, қоғамдық қауіпсіздік пен шағын және орта бизнес мәселелері бар. Бағдарламада қамтылған осы 10 сын-қатердің әрқайсысына ерекше мән берілген, – деді Батыр Котырев. Ол сонымен қатар партия атынан бүгінге дейін қол жеткізген Қазақстанның басты 7 жетістігі мен ұйымның мақсаттары және жоспарлары туралы баяндады. Партия өкілі елорда тұрғындарын кез келген мәселе бойынша Тәуелсіздік көшесі, 3 мекенжайдағы ұйымның филиалында 11 желтоқсан мен келесі жылдың 8 қаңтарына дейін осы үміткерлердің азаматтарды қабылдауы жүргізілетінін жеткізді. кізді.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button