Жаңалықтар

Құдық қақпағы полимерден жасалады

Қаладағы темір қақпағы ұрланып ашық қалған құдықтардың мәселесі күн тәртібінен түспей келеді. Астана қаласының полиция департаменті люктерді ұрлаудың алдын алу және жолын кесу бойынша жедел-рейдтік іс-шараларды жиі өткізетін болды.

Полиция органдары мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдерімен бірлесіп, металл сынықтарын қабылдау пункттерін тексеру бойынша ауқымды іс-шаралар өткізуде. Қолданыстағы люктерде металл торлар орнатылады. Бұл оның қақпағы ұрланған жағдайда құдыққа адамдардың, жануарлардың, бөгде заттардың құлауынан қорғау құралы болып табылады. Бүгінгі таңда 9 мыңнан астамы торлармен жабдықталған. Металл торлар тереңдігі қауіп төндірмейтін құдықтарға орнатылмайды. Осы ретте, полимерлік-құмды бұйымдардан қауіпсіздік техникасы мен экологиялық нормаларды ескере отырып композиттік материалдардан жасалған люктер орнату қарастырылуда. Мұндай люктер металл сынығы ретінде жарамсыз болып табылады, сондықтан оларды ұрлау фактілері барынша азаюы тиіс. Алайда полимерлі-құмды люктер үлкен жүктемеге төтеп бере алмайды, сондықтан жаңа жобаларды іске асыру кезінде олар тек қана тротуарларда пайдаланылатын болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button