МәслихатСұхбат

Сайфудин ХАМХОЕВ: СЕНІМГЕ СЕЛКЕУ ТҮСІРМЕУ – АСЫЛ БОРЫШ

IMG_1431 микро

Қалалық мәслихаттың депутаты Сайфудин Хамхоевқа халық сенеді. Ақмола өңірінің тумасы, Заречный совхозының бас инженерлігінен өрлеп, нарық заманында «Беркат» көп салалы консорциумын құра білген іскер азаматпен мәслихаттағы қоғамдық жұмысы жөнінде әңгімелесудің орайы келді.

– Сайфудин Сұлтанұлы, алды­мен сіз сайланған округтың қазіргі жай-күйімен таныстыра кетсеңіз….

– Сенімге селкеу түсірмеу елдің көз алдында жүрген  азаматтар үшін үлкен жауапкершілік жүгін артады. Қалалық мәслихаттың төр­тінші шақырылымында абы­роймен қызмет атқардым, қазір осынау қоғамдық жұмысым бесінші шақырылымға ұлас­ты. Мүддеміз мен талап-тілек­те­рімізді  қорғайды деген үміт­пен көпшілік дауыспен мені сайлаған №20 округта шамамен 25 мыңға жуық халық тұрады. Айта кетерлігі, №1 және 2-шағын аудандар – қаланың 1970 жыл­дары салынған тарихи бөлігі. Сон­дықтан, бұл жерде байырғы тұрғындар басым, сонымен қатар, еліміздің әр түкпірінен Астанаға арман жетелеп келген жігерлі жастар да аз емес. Яғни, бір сөзбен айтқанда, округтегі тұрғындардың дені – орта табысты қызметкерлер мен жұмысшылар.

– Олар сіздің көмегіңіз бен кеңесіңізге көбінесе қандай мәселелермен жүгінеді?

– Мен сайланған аумаққа қарасты үйлердің басым бөлігі тозған, сол себептен тұрғындар көбінесе тұрмыстық, коммуналдық мәселелер бойынша көмек сұрай келеді. Айына екі мәрте сайлау округында қабылдау өткіземін және бір мәрте ПИК төрағалары және тұрғындардың қатысуымен жиналыс ұйымдастырылады. Арыз-шағым, та­лап-тілек сол жер­де айтылады.

Бір қуантарлығы, соңғы үш жыл­да аулаларды абаттандыру, сон­дай-ақ, үйлер  мен жылу-су ма­гистралдарын күр­делі жөн­деуден өткізу бағдарлама­сы­ның арқасында орасан шаруа атқа­рылды, оның нәтижесін жыл сайын ұйымдастырылатын «Аула мере­кесінде» айтамыз.

Одан бөлек, денсаулық сақтау, білім беру, жолаушылар тасымалы,  жұмыспен қамту, баспана алу, балабақшадан орын алу  мәселелері бойынша кеңес, жәрдем сұрап келушілер көп. Тиісті мекемелерге сұраныс жолдап, шешімін тез арада шығару күн тәртібінен түспейді.

– Сіз мәслихаттың бюджет, эко­номика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты ко­миссия төрағасының орын­­баса­рысыз. Комиссия отырыс­тарында соңғы кездері халыққа қандай шарапатты шешімдер қабылданды? 

– Әлгінде өзіңіз айтып өткендей, комиссия Қаржы басқармасының жұмысына қатысты мәселелерді көбірек қарайды, яғни, бюджет­тің орындалуы бойынша мемле­кеттік саясаттың мейлінше кідіріс­­сіз, кемшіліксіз жүзеге асуы мен қаланың коммуналдық мен­шігіндегі мекемелердің жұмы­сын қадағалайды. Одан бөлек кә­сіпкерлік субъектілерінің ат­қа­ру­шы органдарымен өзара ық­палдаса жұмыс істеуін жетіл­діре түсу, Астананың азық-тү­лік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты назардағы мәселе. Тіпті, Қала құрылысы және сәу­лет басқармасының ұсын­ған жобаларын електен өткі­зіп, елорданың заманауи инфрақұры­лымын дамытуға да азды-көпті үлесімізді қосып жатамыз. Осыған қарап, депутаттардың жұмысы күн сайын өзгеріп жатқан Аста­наның даму динамикасымен бір тізгінде келе жатыр десем артық айтқандық емес.

Бір жағынан перзенттік парыз деген болады. Ес біліп, еңбекке араласқаннан бері осы қаланың ұшқан құстай көркеюі, өсуі-өнуі көз алдымда. Елорда ретінде ал­ғашқы қалыптасу қадамдарына қосқан үлесімізді өкімет жоғары бағалады. Алдағы «EXPO-2017» халықаралық көрмесін абыроймен атқару, Президент айқындап бер­­ген «Қазақстан 2050» стра­те­гиясын барлық салада ілгерілету – біздің де үлесімізге тиген  асыл борыш.

Дайындаған: Гүлбаршын Өкешқызы

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button