Жаңалықтар

Салғырттық салдарынан шыққан өрт

Жуырда елордадағы Ж.Досмұхамедұлы көшесіндегі жатақханадан өрт шықты. Ғимараттың екінші қабатындағы аумағы 18 шаршы метрлік бөлме өртке оранды. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды дер кезінде ауыздықтады.

32 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Зардап шеккен 26 адам жедел ауруханаға жеткізілді. Олардың ішінде 14-і балалар болды.
Оқиға орнына дереу жеткен ел­орда әкімі Бақыт Сұлтанов өрттен зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды. Жатақхана тұрғындары нысанды апаттық жағдайда бұзылатын үйлердің қатарына қосуды сұрады. Қала басшысы бұл өтінішті арнайы комиссияға жіберіп, ғимарат тексерілетінін айтты. Көп ұзамай өрттің шығу себептері анықталды. Мамандардың айтуынша, алдын ала болжам бойынша өрт тұрмыстық бұйымдар мен электр тогының тұйықталуынан шыққан. Алайда толық қорытынды зерттеуден кейін белгілі болады.
Айтпақшы, қалалық Төтенше жағ­­дайлар департаментінің өкілі, қорғаныс полковнигі Орал Әбдірахманов жатақхананың тәуекелдер деңгейі жоғары ғимараттар тізіміне кіретінін мәлімдеді. «Осы оқиға бойынша ғимаратқа жауапты «Нұржеңіс.kz-2008» пәтер иелері коо­перативінің басшылығына тексеру жүргізіліп, заң талаптарын бұзғаны үшін 200 мың теңге айыппұл салынды» деді жауапты маман.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button