Басты ақпаратЕлорда тынысы

Шырша айналып шаттанды

Елордалық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдас­тыруымен Достық үйінде жаңа жылдық қайырымдылық шыршасы өтті. Кешке 50-ден аса бүлдіршін қатысып, оларға жаңа жылдық сыйлықтар берілді.

Мереке қарсаңында ұйымдастырылған іс-шара этномәдени бірлестіктердің, SOS балалар ауылының, әлеуметтік осал топтың балаларына, сонымен бірге ерекше қажеттілігі бар балаларға және өмірлік қиын жағдайға түскен балаларға қолдау көрсету орталығының тәрбиеленушілеріне арналды.

Кешке қалалық Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов және Астана қаласы ҚХА мүшелері қатысты.

«Демеушілердің көмегімен 50 балаға жаңа жылдық сыйлық беріп, мерекелік көңіл күй сыйладық. Жалпы Астана қаласында 20 желтоқсаннан бастап аудандарда, мектептерде балаларға арналған мерекелік кеш толассыз өтіп жатыр. Мұндай мерекелік іс-шаралар ертең де жалғасады. Ал Достық үйінде мұндай қайырымдылық шыршасы екінші рет өткізілуде» деді Дәурен Бабамұратов.

Кішкентай бүлдіршіндер ата-анасымен бірге жаңа жылдық шыршаның жанында ән салып, би билеп, ерекше мерекелік көңіл күйге бөленді. Кеш барысында балалар өзіне жаңа дос тауып, ертегі әлеміне енгендей сезімде болды.

Қайырымдылық шыршасына екі баласымен келген елордалық тұрғынның бірі – Ақмарал Иманәлиева. Аян және Раян есімді ұлдарымен келген ана ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

– «Бақытты шаңырақ» қоғамдық қорының шақыртуымен келіп отырмыз. Ерекше балаларды елеусіз қалдырмай, көңілді кеш ұйымдастырған демеушілерге алғысымды білдіремін. Есіктен кіргеннен бастап бізді қуана қарсы алғаны үшін Достық үйіне айтар алғысым шексіз. Биылғы жаңа жылдық кеш жоғары деңгейде ұйымдастырылды, – деді ол.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button