Қоғам

Smart технология – жаңа заманның құралы

Биылдан бастап елордада білім беру, көлік, салық берешегін тексеру салаларына цифрлы технологиялар белсенді енгізілетін болады.

«Астана Innovations» АҚ хабарлағандай, қа­зіргі уақытта елордада төлем сервистерін кеңейтуге үлкен мән беріліп отыр. Осы жылы Smart Astana мобильді қосымшасы түрлі әлеуметтік салада қала тұрғындарын керек ақпаратпен қамтамасыз ететін болады. Нақтырақ айтар болсақ, 22 ақпаннан бастап қосымшада салық берешегін тексеру мүмкіндігі пайда болады. Ал сәуір айына дейін салық, айыппұл, сондай-ақ үйір­мелер мен секциялар ақшасын төлеу қызметтері қолжетімді болады. Бұған қоса, 15 наурызға дейін ХҚО-да алдын ала кезек алу мүмкіндігі енгізіледі.
Қаланың білім беру саласына да цифрлы технологиялар белсенді енгізіледі. Нәтижесінде жұмыс істеп тұрған және ашылып жатқан қосымша білім беру орталықтары туралы ақпарат хабарланып отырады. Ал 15 наурыз­да барлық мемлекеттік колледждің жатақханасынан орын сұрау өтініші онлайн түрде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, сәуірде Smart Astana қосымша­сында балабақшаға кезекке тұру, мектепке баруға жазылу қызметі іске қосылады.
«Ақылды» технологиялар қоғамдық көлік саласынан да шет қалмады. Аталған қосымшада қазірдің өзінде «Автобус аялдамасының таблосы» қойылды, ол автобустың қанша уақытта келетінін көрсетеді. Бұл қыз­мет QR-кодты сканерлеумен жүзеге асады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button