Жаңалықтар

Студенттер Хакатонда сынға түсті

Астанадағы Политехни­ка­лық колледжде қалалық бі­лім басқармасы мен ERG ком­паниясының ұйымдас­ты­руымен техникалық және кәсіптік білім беру мекеме­лерінің студенттері арасында Хакатон – озық идеялар конкурсы өтті.

Хакатон кезінде колледж студенттері сан алуан өндірістік тапсырмаларды орындап, нақты бір шешімдерді ұсынады. Бұл – елордалық жастар үшін қызықты жобаларын көрсетудің мүмкіндігі болса, жұмыс берушілер үшін білікті мамандарды тартудың жолы.
Іс-шараға республиканың түкпір-түкпірінен шамамен 150 колледж студенті келді. Олар бес сағаттың ішінде құрылыс, электр энергетикасы, мұнай-газ, тау-кен өндірісі және ақпараттық технологиялар салалары бойынша сынға түсті.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button