Елорда тынысы

Тапшылық мәселесін шешуді тапсырды

Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында ішкі нарықты жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету бойынша тапсырма берді. Үкімет басшысы кейбір өңірлерде дизельдік отын бойынша ­проблема туындап отырғанын атап өтті.

[smartslider3 slider=3753]

«Бұл азаматтарымыздың наразылығын тудыруда. Егіс науқаны басталар алдында мұндай проблема қалай орын алып отыр?» деген сауал қойды Әлихан ­Смайылов Энергетика министрі ­Б.Ақшолақовқа.

Өз кезегінде Болат Ақшолақов дизель отынына жоғары сұранысты жабу үшін барлық ресурстың бірінші кезекте ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен ЖҚС-ға бөлінетінін хабарлады. Өнеркәсіп кәсіпорындары мен ҚТЖ үшін отын қалдықтары екінші кезекте бөлінетін болады, ал жетіспеген жағдайда қажетті көлем импортталмақ.

Бұдан бөлек, министрлік шекара периметрі бойынша транзиттік көлік үшін дизель отынына сараланған баға белгілеуді көздейтін бұйрық жобасын әзірледі. Бағалар тұрғылықты жеріне, тұтыну көлеміне және көлік түріне қарай сараланатын болады. Мәселен, қазақстандықтар үшін жүргізуші куәлігі болған жағдайда, қазіргі баға – 230-260 теңге бойынша лимит тәулігіне 100 литр дизель отынын құрайды, Қазақстанда тіркелген жүк көлігі үшін – тәулігіне 300 литр. Қалған адамдар тобына, сондай-ақ көрсетілген көлемнен артық дизель отыны үшін 1 литр 450 теңгеден сатылатын болады.

Баяндаманы тыңдап болғаннан кейін Үкімет басшысы Энергетика министр­лігіне отандық нарықта жанар-жағармай тапшылығын болдырмау үшін барлық шараларды уақытылы қабылдауды тапсырды.

«Жанармай құю стансаларының иелерімен тиісті жұмыс жүргізу керек. Азаматтарымыз бен ауыл шаруашылығы саласы зардап шекпеуі керек. Болат Оралұлы, жағдайды күнделікті жеке бақылауыңыз­да ұстаңыз» деп тапсырды ­Премьер-министр.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button