Жаңалықтар

Тәуелсіздік даңғылында көпір ашылады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Тәуелсіздік даңғылындағы көпір 2023 жылы ашылатынын айтты.

[smartslider3 slider=1022]

«Елорда одан әрі дамып, өсіп-өркендеп келеді. Қалада жаңа шағын аудандар пайда болып, тұрғындар мен автокөліктердің саны өсуде. Осыған орай жолдарда кептеліс көбейіп келеді. Жолдардағы өткізу қабілетін жақсарту үшін көліктерге арналған көпірлер мен көлік жолайрықтарын салу, автобус жолақтарын қосымша іске қосу және тағы басқа бағыттар бойынша жұмыс жүріп жатыр. Тәуелсіздік даңғылындағы Есіл өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы басталды. Сот процесі құрылыс жұмысы мен мерзіміне айрықша әсер етті. Қазір проблеманың бәрі шешіліп, көпір құрылысы басталды. Бұл көпір Тәуелсіздік даңғылы, жаңа теміржол вокзалы ауданы, Әзірет Сұлтан мешітінің ауданы, Қошқарбаев даңғылы, Нәжімеденов көшесі, Байтұрсынов көшесі, Қордай көшесі, Айнакөл көшесі, Момышұлы даңғылының сол жағалауымен қосымша байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тәуелсіздік даңғылындағы көпір пайдалануға берілгеннен кейін Мәңгілік ел даңғылындағы жүктеменің 20 пайызға дейін төмендеуін болжап отырмыз. Жоспар бойынша аталған көпірдің құрылысы 2023 жылы аяқталады» деп жазды қала басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сонымен қатар, Ұлы дала даңғылында да көпір салынуда. Оң және сол жағалауды жалғайтын көпір Мәңгілік ел даңғылының, Ж.Нәжімеденов, А.Байтұрсынов, Р.Қошқарбаев көшелерінің, Nova city ауданының, «Мыңжылдық» аллеясының жүктемесін азайтады. Жаңа «Нұрлы жол» вокзалының, Тельман елді мекенінің, «Метро» гипермаркеті ауданының, Промышленный елді мекенінің, Жұмабаев даңғылының, Жүргенов көшесінің және тағы басқаларының қолжетімділігін арттырады.

«Мемлекет басшысы елордада көпірлер мен көлік жолайрықтарын салудың маңыздылығын атап өтті. Биыл және былтыр 300-ге жуық көше салынып, жөнделді. Олардың жартысынан көбі елді мекендерде орналасқан. Сонымен қатар, жаңа бағыттар, автобус желілері іске қосылды, автобус паркін жаңартып жатырмыз. Мұның бәрі қала тұрғындарына қала ішінде ыңғайлы қатынауға, жол уақытын қысқартуға және қаланы мобильді етуге мүмкіндік береді» деді қала әкімі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button