Денсаулық

Тегін дәріге 8,2 млрд теңге бөлінген

Астанада тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бюджеттен 8,2 млрд теңге бөлінген. Ал республикалық бюджеттен 2018 жылы амбулаториялық деңгейде тегін дәрілік қамтамасыз етуге 7,7 млрд теңге жұмсалды.

Сонымен қатар кепілдендірілген тегін медициналық көмектің тізіміне кірмейтін сирек (жетім) кездесетін сырқаттары бар науқастарды арнайы мамандандырылған аспен және медициналық құралдармен қамтамасыз етуге арналған медициналық өнімдер тізбесін Астана қаласының мәслихаты бекітті. Осылайша жергілікті бюджет есебінен 2018 жылы жалпы сомасы 550 млн теңгеге науқас жандар қамтамасыз етілді.
Астана қаласының емханаларында тіркелген сырқат жандар 47 диспансерлік нозология бойынша тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Дәрі-дәрмекті тегін беру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 бұйрығы
«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулато­рия­лық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және мамандандырылған емдік өнімдермен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйым­дардың тізбесін бекіту туралы» бекіткен бұйрықтың негізінде жүзеге асырылады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button