Жаңалықтар

ТЕГІН КЕҢЕС БЕРЕДІ

 Елордада «Әділет органдары кеңес береді» атты респуб­ли­калық акция басталды. Шара барысында заңгерлер, сот орындаушылар, нотариустар және адвокаттар қала тұрғындарына құқықтық тұрғыда кеңестер береді.

Кеше қала іргесіндегі Күйген­жар кентінде жергілікті тұрғын­да­рмен кездесу өткізілді. Алматы ауданының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында ашық есік күні ұйымдастырылды. Аталмыш шаралар барысында көптеген адам­дар құқықтық тұрғыда өздерін тол­ған­дырған сауалдарға жауап алды.

Бүгін акцияға қатысушы мамандар ЕЦ-166/22 түзету мекемесінің сотталғандарына тегін құқықтық кеңес береді. Сонымен қатар, сағат 15.00-де Астана қаласының №6 кәсіптік-техникалық колледжінің студенттерімен кездесу өтеді.

Ал ертең акцияның соңғы күні сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін «Нұр Отан» халықтық демо­кра­тиялық партиясының Астана қалалық филиалының ғима­ра­тында қала тұрғындарын қабылдау жүргізіледі. Әділет депар­та­ментінің ғимаратында жас жұбай­лар­ға арналған ашық есік күні ұйым­дастырылады. Бұл шара сағат 15.00-де басталады.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button