Жаңалықтар

Тігін машиналарын сыйға тартты

Елордада көпбалалы аналарға арналған қолданбалы өнер мен қолөнер шеберлігін тегін оқыту семинарына қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті. Шара барысында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Каналимов аналарға 50 тігін машинасын тапсырды.

Аталмыш семинарды танымал этнодизайнер Ырза Тұрсынзада бастаған осы саланың кәсіби мамандары жүргізді.
– «Асыл ана» жобасы бірнеше кезеңнен тұрады. Оның әрқайсысы аналардың әлеуетін жан-жақты ашуға бағытталды. Семинар кезінде көпбалалы аналар арнайы тапсырмаларды орындап, бос орындар жәрмеңкесіне қатыс­ты. Қала күні мерекесі қарсаңында «Асыл ана» байқауы өтеді. Оған шеберлік сабағынан өткен көпбалалы аналар қатысады. Олар қажетті материал­дармен, тігін машиналарымен қамтамасыз етілетін болады. Байқауға аналар өз қолдарымен жасалған бұ­йымдарын ұсынып, бұл бұйымдардың барлығы арнайы үлкен көрмеге қойылады. Жеңімпаздар дип­ломдармен және жобаны қолдаған меценаттар, де­меушілер тағайындаған бағалы сыйлықтармен марапатталады, – деді Е.Каналимов.
Оның айтуынша, жобаның соңғы кезеңінде «Асыл ана» көпбалалы аналарды қолдау орталығын құру жоспарланып отыр. Онда аналарға құқықтық, психологиялық, кәсіби кеңестер беріледі. Орталықтың тағы бір ерекше қызметі аналарға жұмысқа тұруға көмектеседі. Бұған қоса, аналардың бала күтуіне ыңғайлы болуы үшін шағын балабақша ұйым­дастырылатын болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button