Жаңалықтар

Тұмаудың алдын алыңыз

Жаз мезгіліне қарамастан, тұмауратушылардың қатары сейілмей тұр. Оның мән-жайын Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Сархат Бейсеновадан сұрап білдік.
– Сархат Сағынтайқызы, Астана қаласы бойынша жіті респираторлық вирусты инфекциямен ауырғандардың жалпы саны қанша?
Астана қаласында 2013 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша тұмаумен ауырған 77 жағдай тіркеліп, көрсеткіші 10,1-ді құрады. 2012 жылдың осы кезеңінде 108 жағдай тіркеліп, интенсивті көрсеткіші 14,3-ті құраған. Жалпы жедел респираторлы инфекцияның 57 237 жағдайы тіркеліп, жүз мың тұрғынға шаққанда интенсивтік көрсеткіші 7 526 адамды құрады (2012 ж.­ 89676 жағдай, көрсеткіші 12 156 адам болған).
– Сіздердің мекемеде қадағалау жұмыс­тары қалай жүргізіледі?
– ҚР ДСМ мемсанэпидқадағалау Комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінде жедел респираторлық вирусты инфекциялар мен тұмаудың таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың күнделікті мониторингі жүргізіледі. Асқынудың ауыр түрлерінің алдын алуда басқа іс-шаралармен қатар, ауруды асқынбай тұрып ерте анықтау және уақытында ем жүргізу мақсатында жүкті әйелдерге апта сайынғы патронаждар ұйымдастырылады. Осындай шаралар жүкті әйелдер арасында ЖРВИ-дің асқынған түрлерін күрт төмендетуге мүмкіндік берді.
– Тұмауға қарсы төзімділікті арттыру ақылы ма?
–Тұмауға қарсы ең нәтижелі қорғану шарасы – вакцина. Уақытында алынған вакциналар жоғары нәтижелі ғана емес, сонымен қатар, қауіпсіз, реактогендігі төмен және балалардағы сияқты ересектерде де шектеусіз тұмаудың алдын алады. Вакцинаны еккеннен соң 2 сағаттан кейін және 7-14 күнге дейінгі аралықта иммунитет пайда болып, 1 жылға дейін сақталады. Тұмауға қарсы вакцинациялау жергілікті бюджет есебінен қаланың 15 егу кабинеттерінде жүргізіледі. Олар: 7 қалалық емханаларда, 8 жеке медициналық орталықтарда. Жергілікті бюджет есебінен әлеуметтік әлсіз топтың балаларына, қарттар мен мүгедектер үйінің тұрғындарына, медицина қызметкерлеріне және жүкті әйелдерге жүргізіледі. Сонымен қатар, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алуда 4 маңызды аспек­ті­лерін ұсынады. Олар: жеке және қоғамдық гигиенаны сақтау; түшкіру мен жөтелу тәртібін сақтау (сулыққа, орамал мен сулық болмаған жағдайда киімнің жеңіне жөтелу), қоғамдық орындарда 1 метрлік қашықтық дистанцияны сақтау керек.

 Еркежан СӘТІМБЕК

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button