Мәслихат

Тұрғындар өтініші орындалды

Жақында Р.Қошқарбаев, 80/1 мекенжайы тұрғындары Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Мирас Шекеновке өтініштерін жолдады. Көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға арнап салынған тұрғын үйдің жертөлелерін жөндеу қажеттілігі туындады. Депутаттың сеп болуымен бюджеттен тиісті жұмыстарға 37,5 млн теңге бөлінетін болды. Бюджетті нақтылағанда депутаттар дәл осындай көлемдегі қаржыны бағдарлама әкімшісі қалалық Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясына бөлуді қолдады.

Аталған мекенжайдағы тұрғын үйдің салынғанына көп уақыт бола қоймаса да, ­М.Шекенов жауапты мекеме өкілдерімен бірге жағдаймен танысу үшін тұрғындармен кездескенде, жертөлелерге күрделі жөндеу керектігіне көз жеткізді.
Тұрғын үйдің жер­төлелерін су басады. Осындай жағдай жылда қайталанады. Соның салдарынан подъездерде ғана емес, пәтерлерде де дымқылдық сезіледі. Қабырғалар көгеріп, онда саңылаулар пайда болған. Іргетастың гидрооқшаулау жүйесі де нашар. Іргетасы түсіп кеткендіктен, жертөле қабырғалары сөгілген. Үйді салған құрылыс компаниясы қателерді жіберген. Сондай ағаттықтар суағар жүйесі мен дренаж монтаж­далғанда кеткен. Жалпы алғанда, жертөлелер сапасыз салынған.
Депутат мән-жайға қаныққан соң, бюджетті кезекті нақтылау кезінде мәселе көтерді. Оның ұсынысы қабылданып, Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасына жалпы 95 млн теңге бөлінсе, оның 37,8 миллионы бұл үйдің жертөлелерін жөндеуге жұмсалатын болды. Қазіргі кезде Алматы ауданының әкімдігі жертөлелерден суды соруды жүргізіп жатыр.
Әрине, тиісті жұмыс­тарды суық түскенше аяқтау керек. Мәслихат депутаттары осыған назар аударды. Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасындағылар уақытша сор­ғылар орнатылғанын, әзірге олар дұрыс жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Қаржы аударылғаннан кейін мердігерлер арасында ағымдағы жөндеуді өткізуге конкурс жарияланады. Барлық жұмыстар қазан айы­ның аяғына дейін аяқталмақ. ­М.Шекенов атқарылатын жұмыстардың кестесін сұрап, үй проблемаларын шешу мәселесін жеке бақы­лауына алды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button