Жаңалықтар

Тұрғындарды қабылдады

Байқоңыр ауданының әкімі Нұрбол Нұрсағатов Nur Otan партиясының қалалық филиалында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

[smartslider3 slider=1002]

Қабылдау кезінде тұрғындар аумақты абаттандыру, кәріз жүйесін тарту, сумен қамту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты мәселелерді көтерді. Тұрғындарды толғандырған түйткілдер әкімнің жеке бақылауына алынды.

Партияның қалалық филиалында азаматтарды қабылдау ай сайын әрбір үшінші бейсенбі күні жүргізіледі. Ал аудан әкімінің жеке қабылдауы әр бейсенбі күні сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін Отырар көшесі, 5 мекенжайында өткізіледі. Қабылдауға 55-75-19 телефоны бойынша жазылуға болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button