Мәдениет

Туған елге тағзым

Елордадағы «Жастар» театрында Астана қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының, «Руханият» мекемесінің ұйымдастыруымен ақын, жазушы, журналист, ҚР Мәдениет қайраткері Есенгелді Сүйіновтің «Жайнай бер, туған елім» атты шығармашылық кеші өтті.

Қала жұртшылығын, жастарды қаламгердің шығармашылығымен тереңірек таныстыру мақсатында өткен бұл кездесуге ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, ҚР Жазушылар одағы Астана қалалық филиалының өкілдері, сондай-ақ ақындар мен жазушылар, театр актерлері, жастар қатысты. Астана қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Исламбек Дос­жан Астана қаласы әкімінің құттықтау хатын кеш иесіне тапсырса, ҚР Жазушылар одағы Астана қалалық филиалының төрағасы Дәулеткерей Кәпұлы одақтың құттықтау хатын оқып, қаламгерге шығармашылық табыс тіледі.

Есенгелді Сүйіновтің есімі оқырман қауымға қаламы жүйрік журналист, ақын ретінде жақсы таныс. Оның өмірдің өзекті мәселелерін арқау еткен мақалалары, публицистика, эссе, сұхбаттары республикалық басылымдарда жиі жарық көріп жүр. «Күңгір тау құпиясы», «Арайлы таң», «Тербеген теңіз әлдиі» сынды кітаптардың авторы.

– Бұл шығармашылық кешті халық алдындағы есеп беруім деп санаймын. Кеште сиясы кеппеген өлеңдерім де оқылды. Жалпы қазірге дейін әр жанрда жазған 6 кітабым жарық көрді, «Сүйемін сені» жыр жинағын баспаға ұсындым, бұйырса, жақында жарық көреді, – деді кеш иесі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button