Денсаулық

Үйде де ем алуға болады

Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, біліктілікті арттыру және медицина қызметкерлерін қайта даярлау бойынша биыл жергілікті бюджеттен 390 млн теңге бөлінген.

Нәтижесінде еліміз бен бірқатар алыс-жақын шет елдердің ғылыми орта­лықтарында 5 мыңнан аса медицина қызметкер біліктілігін арттыру курстарына қатысқан. Соның ішінде тұңғыш рет астаналық 50 медбике Назарбаев университетінің медицина мектебінде медбике ісі менеджменті бағдарламасы бойынша білімін жетілдірген.
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында Президент тапсырмасына сәйкес, келер жылдың алғашқы күнінен бас­тап барлық емханалар мен ауруханалар қағазсыз жүйеге, яғни цифрлық ме­ди­циналық құжатқа көшуі тиіс. Бү­гін­ге дейін елордадағы медициналық ұйымдардың ақпараттық жүйесі арқылы 1,5 млн өтінішке қызмет көрсетіліп, 1 миллионнан аса электронды денсаулық паспорты құрылыпты. 2020 жылға қарай барлық тұрғынның электронды паспорты жасалып, соның арқасында қызмет көрсету сапасы артып, кезек күту, бюрократия мәселесі біртіндеп жойылмақ.
– Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында денсаулық сақтау саласына қатысты айтқан сөзінде: «Ең алдымен алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігін күшейту керек» деген болатын. Бұл тұрғыда Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында ілкімді істер қолға алынып жатыр. Мысалы, қалада қосымша 68 медициналық учаске ашу жоспарлануда. «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, бір дәрігердің жалпы тәжірибедегі орташа жүктемесі 1750 адамды құ­райтын болады. Осыған байланысты қа­ла­дағы емханалардың учаскелерін ша­ғындап қайта ұйымдастыру шаралары жүргізілуде. Бұл аумақтық қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар «Доктор үйіңізде» жобасын енгізу арқылы жедел медициналық жәрдемге қолжетімділік артады. Бұл жоба бойынша келер жылдың бірінші тоқсанына дейін 11, ал 2023 жылға дейін 40 нысан ашылады деп жоспарлануда, – дейді Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Әйгерім Ардақ.
Оның айтуынша, 2019 жылдың 1 қаң­тарынан бастап учаскелік медицина мамандарының жалақысы 20 пайызға өседі деп күтілуде.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button