Жаңалықтар

ҮЛЕСТІК ҚҰРЫЛЫС – ҰДАЙЫ НАЗАРДА

Астана әкімінің орынбасары Сергей  Хорошунның төрағалы­ғымен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.

ZAH_4721

Отырыс барысында «Жастар-4» ТК құрылысы қаралды. Ведомствоаралық комиссия мүшелері «Бақыт 11» ЖШС басшысы Д.Каримбекова құ­ры­лысты аяқтау үшін ақшалай қар­жының түскендігі туралы ақпа­ратты ұсынбағанын атап өтті. Өз кезегінде ол Ішкі істер департаментінің ғи­маратында «Жастар-4» ТК инвесторларымен жағдайды түсіндіру бойынша кездесу өтетінін мәлім етті.

«Industrial Innovation Group» ЖШС директоры С.Бейсенбаевтың жер учаскесін «Көркем Тауэр» ТК-дан «Көркем Тауэр» ТҚК-ға қайта рәсімдеу туралы өтініші қаралды. Салушыға жер учаскесін ТҚК-ға қайта рә­сімдеу тәртібі бо­йынша түсініктеме алу үшін Астана қаласының жер қа­ты­настары бас­қар­масына жүгінуге кеңес берілді.

«ТамызИнвестГрупп» АҚ ны­сан­дарының құ­рылысын аяқ­тау мәселесі бойынша «Корпора­ция Ремас» ЖШС басшысы Н.Абдуевтың «Алтын Раид» тұрғын үй кешенін техникалық тексеру бойынша қыз­мет көрсету үшін «Астана Құры­лыс­консалтинг» ЖШС-мен келісім жасау туралы өтініші назарға алынды. Комиссия Алматы ауданының әкімдігіне, Астана үлескерлері қоғамдық бірлестігінің төрағасына «Орбита» және «Территория комфорта 2» тұрғын үй кешендерінің тұрғындарымен құрылысты өз бетінше аяқтау және нысанды пайдалануға беру туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуге кеңес берді.

«Элит Строй-2» ЖШС қатысты оның директоры А.Сапарғалиеваға ВАК-тың келесі отырысына ақша қаражатын қайтарудың нақты мерзімдерін белгілеп, 9 қыркүйекке дейін 4 инвесторға ақшаның қайта­рылғанын растайтын құжаттарды көрсету ұсынылды.

«Азбука жилья» компаниясының объектілерінің құрылысы мәселесі бойынша «Орда Инжиниринг» ЖШС өкілі О.Носуленконың 20 қыркүйекте түрік компаниясымен «Садовые кварталы» ТК бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау, сондай-ақ, құрылыс аяқталған соң қалған тұрғын және коммерциялық орынжайларды сату туралы келісімге қол қойылғандығы туралы өтініші назарға алынды.
Отырыс барысында Астана үлес­керлерінің қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т.Чурсинаның салушысы «GrandElite-NS» ЖШС болып табылатын «Скайп Сити» ТК бойын­ша «Комфортный дом» ЖШС ақ­шалай қаражатын қайтару туралы шағымның сотқа берілгендігі туралы өтініші қаралды. «Скай Сити» ТК инвесторларының өкілі нысан мен жер учаскесін ТҚК беру туралы сотқа талап-арыз берілетіні туралы жеткізді.
Комиссия мүшелері МСҚБ мен сәулет және қала құрылысы басқармаларына салушы «Симург 2000» ЖШС қатысты тиісті шаралар қабылдау үшін «Лазурный берег» ЖК эскиздік нобайдан ауытқушы­лықпен салу фактісі бойынша қо­рытынды әзірлеу ұсынылды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button