Sport

ВИНЧЕНЦО «ЭКСПО-2017» КӨРМЕСІНЕ ШАҚЫРДЫ

Бір айға созылған «Джиро де Италия» көпкүндік велобәйгесі мәресіне жетті. Бұл жарыстың  жекелей есебінде «Астана» велоклубының шабандозы Виченцо Нибали жеңімпаз атанды.

Бұл  «Астана» сапында өнер көрсетіп жүрген атақты спортшының  «Джиро-де Италия» көпкүндігіндегі екінші жеңісі. Ол осыдан екі жыл бұрын чемпион атанған болатын.

Ал биыл «Астана» командасының капитаны сол жеңісін қайталап, қазақстандық жанкүйерлерді қуанышқа бөледі.  Дәстүрлі чемпионды құттықтау рәсімінен кейін Виченцо Нибали өзінің «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің елшісі екенін еске алып, «Джиро де Италия» жарысына қатысушыларды Астана төрінде өтетін шараға шақырды.

Еуропаның таулы-жазықты аймағында жарысқа түскен велошабандоздар бәйгесі аяқталғаннан кейін Халықаралық велосипедшілер одағы жекелей, ұлттық құрамалар және командалар арасындағы жаңа рейтингті жариялады.

Әлемдегі үздік велосипедшілер көрсеткіші бойынша «Астана» командасының капитаны Винченцо Нибали төртінші орынға табан тіреді. Командалар арасында «Астана» үздік он команданы түйіндеп тұр. Ал Қазақстан ұлттық құрамасы 29-ыншы орынға көтерілді.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button