Қала мен Сала

Заманауи сауда орындары салынады

Мемлекет басшысының нарықтарды монополиясыздандыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында елордада сауданың дамуы туралы қалалық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жанабаев мәлім етті.

Астанада 2022 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша ЖАӨ құрылымындағы қызметтер мен сауда саласының үлесі 80% құрады, оның ішінде сауда саласы – 24%, қызмет көрсету саласы – 56%. Өткен жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымының жалпы көлемі 22%-ға өсіп, 7,7 трлн теңгені құрады.

– Елордада 21 сауда базары жұмыс істейді. Жалпы ауданы 270 мың шаршы метрді құрайтын 9 мың сауда орнына, оның ішінде 3 базарды, атап айтсақ, Шанхай-Көк Базар, Алтай, Ұлжан базарын модернизация­лау, заманауи форматқа көшу бойынша жобалық жұмыстар басталды, – деді Мақсат ­Жанабаев.

Мемлекет басшысының базарларды монополиясыздандыру жөніндегі тапсырмасын орындау үшін Сарыарқа ауданында 10 млрд теңге жеке инвестиция сомасына 2 заманауи базар құрылысы жоспарлануда. Бұл жобаларды пайдалануға беру 2024 жылға жоспарланған. Сондай-ақ бүгінгі таңда сауда инфрақұрылымын дамыту аясында сақтау алаңы 70 мың шаршы метр болатын 35 млрд теңге сомасына 6 инвестициялық жоба іске асырылуда.

– Елордада «1000 орын – көше саудасы» бағдарламасы аясында 540 қосалқы жалдау шарты жасалды. Барлығы 1200-ден астам жұмыс орны құрылды. Бағдарламаға қатысушылар 1,1 млрд теңгеден астам инвес­тиция салды, – деді басқарма басшысының орынбасары.

Астанада әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру мақсатында елордалық және өңірлік тауар өндірушілердің қатысуымен қалалық жәрмеңкелерді ұйымдас­тыру жұмыстары жалғасуда.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button