Жаңалықтар

Зейнетақы жөнінде «109» хабарлайды

Енді астаналықтар мен қала қонақтары зейнетақыға қатысты кез келген сұрақ жөнінде «109» нөміріне хабарласа алады. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен iKomek қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы арасында келісім жасалды.

Сонымен қатар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының call-орталығы да бұрынғысынша жұмысын жалғастыра береді. Тек 1418 нөміріне Қазақстанның барлық өңірінен хабарласатындықтан, iKomek орталығының «109» нөмірі астаналықтар үшін қосымша байланыс құралы ретінде қолданылатынын мәлімдеді өзара келісімге қол қойған «БЖЗҚ» АҚ Астана қаласы филиалының басқарушы директоры Мұрат Шәріпов пен iKomek қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының директоры Жаннат Дүбірова. Спикерлердің айтуынша, алдағы уақытта «109» нөміріне қоңырау шалғандарды БЖЗҚ-ның call-орталығына тікелей жалғау мүмкіндігі де қарастырылады.
– iKomek орталығының 60 операторы елордалықтарға 770-тен аса қызмет түрі бойынша күндіз-түні қызмет көрсетеді. Кез келген мекемемен келісім жасасқанда алдымен операторларға сол сала кеңінен оқытылады. Сондықтан олар тұрғындарды толғандырған кез келген сауалға жауап бере алады. Ал зейнетақы әр адам үшін маңызды болғандықтан, Астана жұртына бұл келісімнің пайдасы мол болады деп ойлаймын, – деді Жаннат Дүбірова.
Өз кезегінде Whatsapp желісі мен сайт арқылы да сұрақ қоюға болатынын тілге тиек еткен Мұрат Шәріпов «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ мен Астана қаласы әкімдігінің арасындағы меморандум аясында жергілікті билікпен бірлесіп түрлі шаралардың өткізіліп жатқанын айтты.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button