Жаңалықтар

Жабыспайды да, қабыспайды

«Жағалауда» көп қабатты үйлер бой түзеп, күннен-күнге көркейіп ­келеді. Сол жерден баспана бұйырғандар көшіп барып, мәре-сәре болып жатыр. Сондай қуанышты себеппен «құтты болсын» айтқалы Жағалау­ға жол түскенде, көңілім нілдей бұзылды.

Оған себеп – Шыңғыс Айтматов көшесінің бір қанатындағы көп қабатты тұрғын үйлердің астында орналасқан кондитерлік дүкеннің атауы еді. «Неслипница!» Әрине, Пушкин мен Толстойдың сөздік қорында мұндай сөз жоқ болар. Бірақ олардың есігінде жүргендердің ашуланғанда айтатын сөзі сәл бұрмаланып, дүкеннің маңдайшасына ілінгенін қалай қабылдарымды білмедім. Күдігімді сейілту үшін орыс тілінің маманымен кеңестім. Сөйтсем, сөз айтылуы қалай болса, солай жазылып, мағынасынан ауытқымай, біз ойлағанды меңзеп тұр. Дұрысы – «Не слипнется!». «Жабыспайды» деп қазақша түсіндіреміз. «Не жабыспайды» дегенде мына түсіндірмеге жүгінейік.
– Критическое замечание в ответ на пожелание чего-то заведомо слишком хорошего (несправедливого или нелепого). Например: – Он хочет работать один день в неделю, а зарплату получать больше всех! – А п… у него не слипнется?
Немесе анасы баласына ұрыс­қанда:
– Указание на теоретически возможные последствия от употребления слишком большого количества сладостей. Обычно используется родителями в воспитательных целях. Например: Родители говорят ребенку: «Не ешь много сладкого, а то п… слипнется!» или – Мам, дай конфету! в ответ: – А п… не слипнется?
(http://www.slovoborg.su).
Егер одан да терең қазбаласақ, бұл атаудың астарын бұдан дөрекілеу сөзбен ұғынуға болады.
Жалпы, қаладағы үлкенді-кішілі дүкендер мен сауда орындарының, одан қалды мейрамханалар мен тағы да басқа халыққа қызмет көрсету орындарының атауына тиісті талап болмаушы ма еді?
Иелерінің ойына келгенді жазып, іліп қоятын құқықты кім берді? Кім бақылау жасайды? Маңдайша мемлекеттік тілде неге жазылмайды деп айта-айта аузымыз шаршады. Енді, міне, «жаңалықтың» сиқы. Елордадағы орашолақ атаулар эстетикалық талғамымыз бен мәдениетіміздің қай дәрежеде екенінен хабар бермейді ме екен?!

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button