Астана ауданы
Жаңартылған амбулатория
Байқоңыр ауданында «Кирпичный» дәрігерлік амбулаториясы күрделі жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді. Медициналық мекеме «Достық» алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығының филиалы ретінде ашылды. Емдеу орталығы Чехоев көшесі 14а мекенжайында орналасқан.
[smartslider3 slider=1111]
Жаңартылған амбулаторияда ересектер мен балаларға алғашқы медициналық-санитарлық көмек, УДЗ-диагностика, күндізгі стационар, фильтр-кабинет, ем-шара кабинеті және вакцинация кабинеті сияқты медициналық қызметтер көрсетілетін болады.
Амбулатория «Кирпичный» тұрғын алабының төрт мыңнан астам тұрғынына қызмет көрсетеді.