Жаңалықтар

ЖАҢАШЫЛДЫҚҚА ЖОЛ АШАТЫН КЕЛІСІМ

Астана қаласында отандық өндіріске жаңа инновациялық технологияларды енгізіп, бар әдістерді жетілдіру мақсатында ғылыми-зерттеу ресурс­тарын дамыту жөнінде өзара келісім жасалды. 

Бұл меморандумға «Nazarbayev University Research and Innovation Sistem» («NURIS») технопаркінің бас директоры Қанат Байғарин мен «Астана Innovations» АҚ басқарма төрағасы Әлтайыр Уызбаев қол қойды.
«NURIS» технопаркінің бас директоры: «Меморандум бізге әртүрлі бағытта ынтымақтастық жасауға мүмкіндік береді. Сондай бағыттардың бірі – «Smart Astana» жобасын жүзеге асырып, Назарбаев Университетінің ғылыми паркінде тиісті орталықтар құру. Сондықтан, біздің «Астана Innovations» АҚ-ымен жасаған өзара келісіміміз же­місті жұмыс істеп, қалаға пайдасын тигізетініне сенемін» деді.
Екі жақ бірлесе отырып білім беру, ғылым, инновация мен өндіріс арасында біртұтас байланыс жүйесін құруға ұмтылады. «NURIS» пен «Астана Innovations» АҚ ынтымақтастығының арқасында
Назарбаев Университеті студент­терінің озық технологияларды меңгеру мүмкіндіктері артады.
«Астана Innovations» АҚ басқарма төрағасы Ә.Уызбаев «NURIS» басшылығы мен қала құрылымдары арасындағы тығыз қарым-қатынас арқасында жастарды нақты жобаларға тартамыз» деді.
Сол арқылы олар тәжірибе алып, елордада инновациялық кластерді қалыптастыруға үлес қоспақ.

Тұрмағанбет КЕНЖЕБАЕВ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button