ЖаңалықтарТағзым

Жаны жайсаң жан еді…

2016 жылғы 3 шілдеде көр­нек­ті мемлекет қайраткері, хал­қымыздың аяулы қыздарының бірі Қайырбекова Салидат Зекен­қызы мезгілсіз дүниеден өтті.

43

1961 жылы 1 тамызда Қарағанды облысында дүниеге келген. Ол 1984 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша, 2002 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
1984-1998 жылдары Қарағанды облысының медицина ұйымдарында дәрігер-невропатолог, Қарағанды көп бағдарлы емдеу-диагностикалық бірлестігінде бас дәрігердің орынбасары болып еңбек еткен.
1998-2001 жылдары Қарағанды облыс Денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің бастығы, Қарағанды облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының №5 медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының төрайымы, 2001-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бөлім бастығы, басқарма бастығы, Емдеу-профилактикалық жұмыс департаменті директорының орынбасары, Аппарат басшысы қызметін атқарды.
2004-2006 жылдары Қазақ мемлекеттік медицина академиясының проректоры, 2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінде әртүрлі қызметте, 2008 жылғы 4 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің төрайымы, 2009 жылғы 5 қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің төрайымы, 2010 жылы вице-министр болып еңбек етті.
Салидат Зекенқызы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2010 жылғы 7 қа­зан­да Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды. Оның отандық медицина саласын өркендетуге қосқан үлесі өлшеусіз. Арамызда болса, әлі талай игі істер­дің басынан табыла беретін еді. Амал қанша…
Қазақта «Өмір бар жерде өлім бар» дейді. Тағдырдың жазуы осы болар.
Астана қаласының әкімдігі марқұмның туған-туыстары мен жақын-жораларына қайғырып, көңіл айтады. Салидат Зекенқызы­ның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button