ӘлеуметЖаңалықтар

ЖАҚСЫ ІСТЕР ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

қайырымдылық акция

Есіл ауданы әкімінің аппараты елорда күніне орай «Жақсы істер» қайы­рымдылық акциясын өткізді.

Көп балалы аналарға көмек, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларына қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған шараға 50 адам тартылды. Оларға «Argentum», «aMani», «Ainalain», «Ырыс» және «Шарми» эстетикалық және сұлулық салондарының тегін қызметі сертификаттары тапсырылды.

Шара аясында «Офицеры», «КоreanHouse», «Аssorti», «Багратиони», «Грибоедов» мейрамханалары ерекше қонақтарына мерекелік дастархан мәзірін ұсынбақ. Олардың арасында алты бала тәрбиелеп отырған Ибраевтар мен Тоққожаевтар отбасылары, екі сәби асырап алған Қарлығаш Ақәділова, төрт баланың анасы Әсемгүл Қыпшақбаева, «Мерейлі отбасы» сайысына аудан атынан қатысқан Спартак Балтев пен Гүлнұр Серікқызы және Чернышевтер отбасы бар.

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button