ЖаңалықтарҚала тіршілігіЭкономика

Жәрмеңке жалғасты

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңда Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстары және Нұр-Сұлтан қаласының тауар өндірушілерінің ауылшаруа­шылық жәрмеңкесі өтті.

[smartslider3 slider=773]

Қала тұрғындары мен қонақтары күннің суығына қарамастан қажетті азық-түлік қорын сатып алуда. Әсіресе, сиыр еті мен сүт өнімдері, балық пен көкөніс кең сұранысқа ие. Ал тауар құны нарықтағы бағадан 10-15 пайыз­ға арзан.

«Күн суық болса да өз өнімдерімізді әкелдік. Тұрғындар біртіндеп жиналып жатыр. Кешкі уақытта дейін тауарларымызды сатып, ертең таңертең тағы да шығамыз. Бір байқағаным, балық өнімдерінің бағасы арзан болғандықтан тез өтіп кетеді» дейді Ардақ есімді сатушы.

Бұдан бөлек, тауарлардың түр-түрі ұсынылуда, соның ішінде: сиыр еті, жылқы еті мен қой еті, құс еті, сүт және қышқыл сүт өнімдері, көкөністер (картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат), жемістер, тауық жұмыртқасы, балық, жарма, ұн және т.б. өнімдер бар.

«Мен бүгін алма мен қияр, сиыр еті мен балық етін салып алудамын. Себебі алманың құны 350 теңгеден басталады екен. Ал үйімнің жанындағы дүкеннен 550 теңгеден алып жүрмін. Сенбілік демалысымды пайдаланып, жәрмеңкеге келдім» дейді Сымбат есімді қала тұрғыны.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button