Жаңалықтар

Жастарға пәтер беріледі

Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй үшін құжат қабылдау елордада 1 желтоқсанда басталып, 6 желтоқсанға дейін жалғасады. Бұл туралы брифинг барысында Нұр-Сұлтан қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Дәулет Кәрібек мәлімдеді.

– Биыл жұмыс істейтін жастарға 350 пәтер беру жоспарланып отыр. Бұл тұрғын үй бағдарламасының мақсаты – жастарды ынталандыру және бес жыл ішінде жеке үй сатып алуға қаражат жинауға жағдай жасау. Елорданың тұрғын үй қорына құжаттар желтоқсанның 1-нен 6-на дейін қабылданады. Барлық жастарды осыған қатысуға шақырамыз, – деді елордалық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы.

Жалға берілетін пәтерлер орналасқан үйлер Р.Қошқарбаев даңғылы мен Қордай даңғылының қиылысында, сондай-ақ Абылай хан мен Б.Момышұлы даңғылында орналасқан. Тұрғын үйдің ауданы 31-ден 47 шаршы метрге дейін. Ай сайынғы жалдау құны 5000-нан 15000 теңгеге дейін. Жалға алу мерзімі – бес жыл.
Бағдарламаға қатысу үшін оның шарттарын орындау қажет. Жалға берілетін тұрғын үй алуға соңғы екі жылда меншік құқығында тұрғын үйі болмаған, 29 жасқа дейінгі Қазақстан азаматтары өтініш бере алады. Сонымен қатар ерлі-зайыптылар мен олардың балаларының меншцік мүлкі болмауы тиіс. Оған қоса кейінгі екі жыл қалада тұрақты тұрғандығы жөнінде тіркелімі болуы шарт. Өтініш берушілердің ресми кірісі 40 АЕК немесе соңғы алты айда 111 120 теңгені құрауы керек.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button