Жаңалықтар

Жазғы мектептер қалай жұмыс істейді?

Биыл елімізде 26 мамыр-17 маусым аралығында жазғы мектеп ұйымдастырылады. Емтихан тапсыруға байланысты жазғы мектепке 9 және 11-сынып оқушылары қатыспайды.

[smartslider3 slider=2596]

Жазғы сабақтар оқушылардың білімін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылады. Сабақтар әдеттегі форматтан өзгеше өтеді. Мәселен, математика, физика, ағылшын тілі және өзге маңызды пәндер бойынша икемді оқу кестесі ұйымдастырылса, басқа сабақтар мұражайларға және экскурсияларға бару түрінде де өтеді.

«Жазғы мектепте оқушыларға баға қойылмайды және үй тапсырмасы берілмейді. Жазғы уақыттағы оқу барынша қызықты әрі мазмұнды өту үшін барлық жағдай жасалады. Кей балалар репетиторлармен ақылы курстарға барып, қосымша білім алады. Осы орайда жазғы мектеп – білімді шыңдаудың жақсы мүмкіндігі. Өйткені өз мұғалімдері оқушыларының күшті және әлсіз жақтарын өзгелерден жақсы біледі» дейді Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button