Қала тіршілігі

«Жедел жәрдемге» жол беріңіз!

Кеше Астана қаласындағы жедел жәрдем стансасының орталығында БАҚ өкілдеріне арналған арнайы баспасөз туры өтті.

Баспасөз туры кезінде жағдайы нашарлаған адамға алғашқы көмек қалай жүзеге асырылатыны көрсетіліп, 103 қызметінің диспетчерлік жұмысы таныстырылды. Мұнда мамандар әрбір қоңырауды төрт санатқа бөліп қарастырады. Оның басты себебі – ambulance қызметкерлерінің қайсысына бірінші болып баруын алдын ала анықтайды.
Ambulance қызметінің заманауи үлгіде жұмыс істейтіні қуантады. Алайда оның бәрі тек Астана қаласының аумағына ғана қарастырылған. Ал елорда маңына жақын орналасқан елді мекендер тасада қалып отыр. Жағдайы күрт нашарлап, инсульт алған адамға арнайы бригаданың дер уақытында жете қоюы екіталай. Бұған көшедегі көліктердің жол бермеуі де кері әсер етеді екен. Жиын барысында тілшілер тарапынан осы сұрақ қойылды. Өз кезегінде «Қалалық жедел медициналық жәрдем стансасы» МКК бас дәрігері Тимур Мұратов барлық мәселе қарастырылып жатқанын, бірақ қай уақытта шешілетінін нақты айта алмады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button