Жаңалықтар

Жексенбілік мектептер жаңа оқу жылын бастады

Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен елордалық армян, неміс, орыс жексенбілік этномектептер жаңа оқу жылын бастады.

 

«Ван» армян мәдени ор­талығы» ҚБ армян жексенбілік мектебінің жаңа оқу жылының басталуына арналған мерекелік іс-шарасын өткізді. Жаңа оқу жылының басталуымен балаларды Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құса­йынова, Армения Респуб­ликасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Гагик Галачян да балаларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
«Ван» армян мәдени орталығының төрағасы Саак Салумянның айтуынша, осы жылда армян жексенбілік мектебінде 4 сынып бойынша 40 оқушы білім алатын болады.
Ал «Возрождение» неміс­тер қоғамының ғимаратында өткен неміс жексенбілік мектебі жаңа оқу жылының ашылу салтанатына Германиядан арнайы келген мәдениет сұрақтары бойынша ассистент Антон Хаур мерекелік іс-шараға қатысты. Өз кезегінде «Лад» республикалық славян қозғалысының елордалық филиалының орыс жексенбілік мектебі де 2019-2020 жылға арналған жаңа оқу жылына арналған алғашқы сабақтарын өткізді. Бұл жолы мектепке 15-тен аса жаңа оқушы қабылданды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button