Мәдениет

Жетісу әуендері әуеледі

Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның «Қорқыт» этно ансамблі «Жетісу әуендері» атты концерт ұсынды.

Концерт шымылдығы М.Бердіғұлов­тың «Шашу» шығармасымен ашылды. Ал концерттің негізі болған М.Әубәкіровтің «Жетісу суреттерін» орындаған шығармашылық топ тыңдарманның көз алдына Жетісу өңірінің бар көркемдігін әкелгендей болды. Кеште «Қорқыт» этно ансамблі және филармонияның дәстүрлі әншілері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арайлым Рахым, мәдениет саласының үздіктері Телман Нүркенов, Нұрай Танабаев, Әйгерім Нартүйе, Данияр Мұқан және халықаралық байқаулардың лауреаттары Айдос Оңғарбай, Алуа Қалымбекова, Нұржан Мейірхан өнер көрсетті.

«Концерттің негізгі мақсаты – Жетісу композиторларының әндерін, күйлерін насихаттау. Сонымен қатар, этноансамблінің орындаушылық шеберлігін көпке таныту. Жалпы, біздің өнер ұжымы қатысқан байқауларда, концерттерде өнерсүйер көпшілік ылғи өз ризашылықтарын білдіріп жатады. Бүгінгі концерт те өте сәтті өтті деп ойлаймын. Тыңдармандар «бейне бір спектакль тамашалағандай болып шықтық» деп әсерлерімен бөлісуде. Осылайша ұлттық өнеріміздің өркендеуіне үлес қосып жатқанымызға дән ризамыз» деді «Қорқыт» этно ансамблінің көркемдік жетекшісі, Қазақстанның Мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбек.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button