Жаңалықтар

ЖОЛ ЕКІ АПТАҒА ЖАБЫЛАДЫ

Жылумен қамтамасыз ету жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарына байланы­сты Кенесары көшесінің Бейбітшілік және Желтоқсан көшесіне дейінгі көлік қозғалысы екі аптаға жа­былды.

Аталмыш көшелерде қызу еңбек басталып кетті. Аста­на қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының орын­басары Ермекбай Сәтеміровтің айтуынша, жаңарту барысын­да дизоляцияланған құбырлар қолданылмақшы. Олардың диаметрі 300 мм-ден 500 мм-ге ұлғайтылып, тиімді жылу жабдықтармен қамтамасыз ету көзделген. Құбырлардың жылу өткізу қабілетін ұлғайтумен қатар, зияндылығын төмендету қарастырылуда. Аталмыш жұмыстарды жүргізуді «Астана­инжкомстрой» мердігерлік ұйымы қолға алған. Бүгінде 7 құрылыс техникасы мен 20-дан астам білікті маман жылу жүйесін жаңарту үшін білек сыбана кірісіп кетті.

Астана қаласы ІІД Жол полици­ясы басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарына балама қозғалыс бағыттарымен жүруді ұсынуда. Жол бақылау бөлімінің бастығы Нұрлан Уваев жол белгілерін және жол полициясы қызметкерлерінің талаптары мен нұсқауларын қатаң сақтау керектігін алға тартты. 31-тамызға дейін жалғасатын құрылыс жұмыстарына байла­нысты бұл бағытта қатынайтын №1, 9, 17, 18, 23, 25, 31, 32, 37, 47, 112 автобустар енді Кенесары – Республика даңғылы – Абай – Желтоқсан – Кенесары көшесіне шығып, одан әрі бұрынғы марш­рутымен жүретін болады.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button