Экономика

ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ ЕҢСЕРЕР ЕКІ БАҒЫТ

logo_DKZ_2020

Елордада «Жұмыспен қамтудың Жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында еңбек нарығындағы бірталай қиындықтар еңсерілетін түрі бар. Оның тиімділігі сол, жаңа жұмыс орындары ашылып қана қоймай, елорданың көптеген нысандары жөндеуден өтіп, қаланың инфрақұрылымдық жүйесі де ажарлана түспек.

Астана қаласы Жұмыспен қамту орталығының мәліметіне сүйенсек, биылғы бағдарлама екі бағыт бойынша жүргізілмек. Соның бірі – инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту есе­бімен жұмыспен қамту болса, екіншісі – жұмысқа орна­лас­тыруға кө­мектесу және оқыту бағыты.

Бірінші бағыт бойынша 16 әлеуметтік-мәдени нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Атап айт­қанда, №7, №34, №24, №17, №33, №20, №2 балабақшалар, №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейі, №1 лицей ғима­раты, «Шығыс» балалар-жас­өс­пі­рім­дер орталығы мен «Арман» спорт­тық-сауықтыру лагері қайта жаңаратын болады. Соның есе­бінен 815 жаңа жұмыс орны ашы­лады. Бұған қоса, Орталық қа­лалық кітапхана, ұлдар мен қыз­­дарға арналған медресе, Қарт­тар мен мүгедектерге арналған ме­дициналық-әлеуметтік мекеме, Ба­лалар үйі жөнделіп, 9 нысан­ның айналасы абаттандырылады. Тағы төрт нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, есесіне 110 адам жұмыспен қамтылмақ.

Ал «Жұмысқа орналастыруға көмектесу және оқыту» бағыты бойынша жұмыс іздеп жүрген азаматтарды кәсіби оқыту, әлеу­меттік жұмыс орындары мен жас­тар практикасын ұйымдастыру шаралары қолға алынған.

Бүгінде Астанада бағдарлама бойынша 355 адам тәрбиеші, тігінші, электр дәнекерлеуші, электрик, бухгалтер мамандықтары бойынша оқуды бастапты. Ал, әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар практикасына 371 адам жіберілген. Оның 159-ы мекемелермен келісімшартқа отырған.

Жыл басынан бері аталмыш бағдарлама бойынша 1151 адам жұмысқа орналасқан екен.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button