Жаңалықтар

Жүрекке ота жасайды

Елорда ауруханасында аорта қатпарлануы бар жүрекке күрделі қайталама ота жасалды.

[smartslider3 slider=2547]

«Медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қызмет жеткізушілерінің бірі – №2 көпбейінді қалалық аурухана. Аурухананың шұғыл кардиология және кардиохирургия орталығында МӘМС аясында пациенттерге қымбат оталар күнделікті жүргізіледі. Бұл жолы аорта қатпарлануы бар жүрекке күрделі қайталама ота жасалды» деп хабарлайды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі.

Ота аорта доғасын қайта жаңартудың екінші кезеңін жүргізу үшін жасалды, түзетудің бірінші кезеңі – ­Бенталла-Де Боно операциясы шамамен екі ай бұрын жасалды.

«Біз аорта доғасында оны протездеу және барлық бұтақтарын аортаның көтерілген бөлігінің протезіне қосу арқылы қайта жаңарту отасын жасадық. Ота кезінде, стандартты жасанды қан айналымынан басқа, миды қорғауды қамтамасыз ету қажет. Өз кезегінде жүрек-қантамыр хирургиясында миды қорғау – өз алдына бөлек көп компонентті проблема. Бұл жағдай отаның өзін едәуір қиындатады, неврологиялық және басқа да асқынулардың пайда болу қау­пін арттырады. Ота қан жоғалтпай, асқынусыз, сәтті өтті. Науқас екінші күні реанимациядан бөлімшеге ауыстырылды» деді жүрек-қантамыр хирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі Алексей Викторович Смоленский.

Айта кетейік, егер пациент МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған болса, бұл ота 2,5 миллион теңгені құрайтын еді.

Қазіргі уақытта пациент Ю.К. өзін жақсы сезінеді және дәрігерлерге алғыс білдіреді:

«МӘМС жүйесінің арқасында осындай жоғары технология­лық қызмет маған тегін көрсетілді. Ота өте күрделі болды, бірақ сәтті өтті. Қазір өз қалпыма жылдам келудемін, №2 көпбейінді қалалық аурухана дәрігерлеріне қамқорлығы мен кәсіби біліктіліктері үшін алғыс айтқым келеді».

Дәрігерлер тәуекел еткен ерекше ота сәтті өтіп, науқастың жағдайы дұрыстала бастағанына біз де қуаныштымыз.

Медициналық сақтандыру қоры пациенттер құқығын қорғайды. Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда кері байланыс арналары мыналар:

* Qoldau 24/7 мо­бильді қосымшасы;

* @saqtandyrybot ­телеграм-боты;

* 1406 байланыс орталығы;

* Қордың fms.kz сайты арқылы бізге хабарласуға болады.

«Әлеуметтік ­медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы ­бойынша ­филиалының ­баспасөз қызметі

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button