Жаңалықтар

Жылы да жайлы аялдама

Кеше Астанада жылы аялдаманың ерекше бір түрі ел игілігіне берілді. Ерекшелігі сол аялдаманың ішінде дүкен мен қоғамдық дәретхана жұмыс істейді.

Жылы аялдама бұл жолы қаланың шет жағына орнатылды. Жағалау шағын ауданы Е-10 көшесінде орналасқан шағын ғана нысан 16 шаршы метрді құрайды. Мұнда жылытқыш орнатылып, павильон ішін 23 градуста ұстап отырады. Ал дүкен 06:00-де ашылып, 22:00-де жабылады. Онда 4 қызметкер 8 сағаттан жұмыс істейді. Дәретханаға кіру құны – 50 теңге.
Жоба инвесторлар есебінен жүзеге асырылып отыр. «Ақылды-жылы» жобасына америкалық «I-Stop» компаниясы 100 млн доллар көлемінде қаржы бөлген. Ал бір аялдаманың құны шамамен 23 млн теңгені құрайды. Бұл елордада соңғы жылдары салынғандардан екі есеге қымбат. Енді 2019 жылдың соңына дейін осындай 50 аялдама салыну жоспарланып отыр. Есіл ауданының әкімі Төлеген Закариянов­тың айтуынша, оның бәрі қаланың орталығында емес, жұрт көп жүретін, сондай-ақ жылы аялдамасы жоқ тұстарға салынады.
Жақында осындай аялдама «Бәйтерек» жанынан ашылады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button