Елорда тынысы

Заманауи ойын алаңдары ашылды

Елордада Байқоңыр ауданының 3 тұрғын үй кешенінде балаларға арналған заманауи ойын алаңдары ашылды. Осы іс-шараға қатысқан Астана қалалық мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов бұл жұмыстардың барлығы «Қатысу бюджеті» жобасы аясында жүргізілгенін атап өтті.

Астананың төртінші ауданында аулаларды абаттандыру мен қоғамдық орындарды қалыптастыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Соның бір көрінісі ретінде өткен аптада балалар үшін заманауи ойын алаңдары пайда болды.

– Атап айтар болсақ, С.Сейфуллин 65, Ш.Уәлиханов 23 және Тараз 2/ Асан қайғы 2 мекенжайларындағы тұрғын үй кешендерінің аулаларына кеспе тастар төселіп, балалардың ойын алаңдары, воркаут алаңдары ашылды, көше тренажерлары орнатылды, шағын сәулет нысандары жабдықталды. Бұл көшелерде балалар алаңқайынан бастап, абаттандырудың барлық элементтері толықтай жаңартылды. Сонымен қатар тұрғындардың өтініштері бойынша автотұрақ шатырына жөндеу жүргізіліп, төсеніштер  төселді, – деді Е.Каналимов.

Аулада балаларының бос уақытын өткізуіне жағдай жасалғанына қатты қуанған тұрғындар әкімдікке алғысын білдірді. Алаңдардың ашылу салтанатына орай спорттық және шығармашылық сайыстар ұйымдас­тырылды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button