Қала мен Сала

Астанадан ауылға дейін…

Астана

Елордада Astana Media Week форумы басталды. Орталық Азиядағы ең ірі медиа апталық елімізде екінші рет ұйымдастырылып отыр. Ауқымды шара 28 қыркүйекке дейін жал­ғасады. Оған 2000-нан ас­там қонақ, қазақстандық және шетелдік медиа ин­дустрияның 60 топ-ме­нед­жері, 50-ден аса продакшн-компания қа­тысуда.

Жамбыл облысы

Таразда «Жігіт сұл­та­ны-2018» байқауы өтті. Екі ке­­зеңді жарысқа 18-29 жас аралығында облыс аудандары мен жоғары оқу орындары студенттері қатысты.

Түркістан облысы

Тоғыз жолдың торабында орналасқан Арыс қаласына ал­ғаш рет көгілдір отын тартыла бастады. Сонымен бірге, Ақдала және Қожатоғай ауылдық округ­теріндегі елді мекендеріне табиғи газ құбырлары тартылды. Бұл жұмыстарға облыстық бюджеттен 88,9 млн теңге қаржы жұм­салды.

Ақтөбе облысы

Облыс орталығында бала тәрбиесіне салғырт қараған 2500 ата-ана әкімшілік жа­уап­кершілікке тартылды. Жыл басы­нан бері 36 адам ата-аналық құқығынан айы­рылған.

Маңғыстау облысы

Ақтауда биіктігі 5,2 метр, ені 6,2 метр, ал ұзындығы 60 метр­лік түрлі түсті шамдармен көм­керілген арка пайдалануға бері­леді. Құны 23 миллион 477 мың теңге тұратын құрылым қаланың сәулетін арттыратын болады.

Қостанай облысы

Облыс орталығында зият­керлік меншік құқын бұзу дерегі бойынша құны 300 мың теңгенің контрафактілік тауарлары жойылды. Әлем­ге белгілі брендтердің таң­­­­басымен сатылымға қойылған 170 дана тауар шын­­жыр табанды трактормен тапталды.

Қызылорда облысы

Ақай мен Төретам елді мекен­дерінің тұрғындары Байқоңыр қаласының емханасына тіркеледі. Бұған дейін Қармақшы ауданына қарасты аталған елді мекендердің тұрғындары медициналық қыз­меті пайдалану үшін 90 шақырым қашықтықтағы аудан ор­талығы Жосалы кентіне баруға мәжбүр еді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button