ДенсаулықЖаңалықтар

8 млн қазақстандық екпе салдырды

Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды.

[smartslider3 slider=360]

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін айтты. Барлық өңірлерде ауру деңгейі, ауыр жағдайдағылар мен стационарлық және амбулаторлық ем алып жатқандар саны айтарлықтай төмендеді. Вирустың репродуктивтілік индексі – 0,97. Инфекциялық төсек-орындар жүктемесі – 34%, реанимациялық төсек-орындар жүктемесі – 29%.
Бүгінге дейін індетке қарсы вакцинаның бірінші компонентін 8 млн-нан астам адам, екінші компонентін 7,2 млн-ға жуық адам алды. Ұжымдық иммунитеттің 60%-ына қол жеткізу міндеті қойылды. COVID-19-дың таралу қарқыны бойынша «жасыл» аймақта – Шымкент қаласы, Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау және Қызыл­орда облыстары, «сары» аймақта Атырау, Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан. «Қызыл» аймақта Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары, Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары қалып отыр. Қазақстанда тұмауға қарсы егу науқаны жалғасуда. Қазіргі уақытта 1,4 млн қазақстандық тұмауға қарсы екпе салдырды. Үкімет басшысы індет пен тұмауға қарсы егу науқанын жалғастыруды тапсырды.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button