Елорда тынысы

Әкіммен ашық әңгіме

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің ­мүшелерімен кездесті. Екі сағатқа созылған жүздесу жоғары деңгейде өтті. Сөз сөйлеген кеңес мүшелеріне елорда тұрғындарын толғандыр­ған мәселе бойынша емін-еркін пікірін ашық білдіріп, сұрақ қоюға мүмкіндік берілді.

Айта кетер басты мәселе – уақыт шектеп, регламентке бағындыруды байқамадық. Қаланы сумен, жылумен, электр қуатымен қамтамасыз етудегі көкейтесті мәселелер көтерілді. Қаланың Бас жоспарын қайта қарау мен жетілдіру, тұрғын үй құрылысы, коммуналдық төлем бағасын реттеумен қатар, адами капиталды дамыту туралы да кеңінен әңгіме қозғалды.

Кездесуді пайдалана отырып, біз де қала басшысына бір-екі сұрақ қойдық. Атап айтқанда, елордада ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлына еңселі ескерткіш ашу, Астанада педагогикалық университет салу туралы ашық сұрақ қойдық. Әкім бұл сауалдарға жүйелі түрде жауап берді.

Сөзіміздің соңында Астана қаласы атынан ұсынылған Президент жанындағы Ұлттық құрылтай мүшелері ретінде Зұлфухар Сұлтанұлы екеуміз қаланың өзекті мәселелерін республикалық деңгейде көтеріп, оң шешімдерге қол жеткізуге дайын екенімізді жеткіздік. Қоғамдық кеңес мүшелерінің сұрақтарына толыққанды жауап берген Жеңіс Махмұдұлы алдағы уақытта да осындай кездесу өткізіп тұратынын мәлімдеді. Әкіммен болған ашық әңгіме барысында елорданы одан әрі дамыту мен өркендету жолында азаматтық қоғам мен билік өкілдерінің бірлесіп атқарар қызметі ауқымды екендігі айтылып, іс-шаралар жоспарын түзуге уағдаласып тарқастық.

Кәрімбек ҚҰРМАНӘЛИЕВ, Астана қаласы Қоғамдық

кеңесінің мүшесі

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button