Елорда тынысы

Азаматтарды онлайн қабылдады

Бас қала әкімі Жеңіс Қасымбек әр жұма сайын азаматтарды жеке ­қабылдайды. Кеше онлайн режимде қала басшысы 20-дан аса отбасыны қабылдады. Онда әлеуметтік, медициналық көмек көрсету, балабақшаға орналастыру, құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау, абаттандыру, инженерлік желілер салу секілді өзге де мәселелер көтерілді.

Әкімнің айтуынша, қозғалған проблемалардың бір бөлігі қабылдау барысында шешіледі. Ал қалған бөлігі бойынша шешу жұмысы қолға алынады, өйткені жүйелі мәселелерді реттеуге уақыт қажет.

«Осыған дейін айтқаным­дай, биыл сумен, жылумен жабдықтау және т. б. қуатын арттыруға мүмкіндік беретін бірқатар инфрақұрылымдық нысанның құрылысын аяқ­тауды жоспарлап отырмыз. Сол сияқты тағы 13 мектеп саламыз, жеке балабақшаларға 9 мың орынға мемлекеттік тапсырыс береміз, құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтаймыз, жеңілдікпен берілетін қолжетімді тұрғын үй саламыз» деді Жеңіс ­Қасымбек.

Қала әкімінің қабылдауына egov.kz, e-otinish порталы немесе қала әкімдігінің кеңсесі арқылы жазылуға болады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button