Сайлау-2022

Әр адам лайықты жалақы алуы керек

Президенттікке үміткер Мейрам Қажыкеннің үгіт-насихат жұмыстары Семей қаласында жалғасты. Ол алдымен «Семей инжиниринг» зауытына барды. Кәсіп­орын жұмысшыларымен кездесу барысында ол экономикалық реформалардың бір бөлігі ретінде ең төменгі жалақыны қалыптастыру тақырыбына толық тоқталды.

«Бүгінгі таңда ең төменгі жалақының қалай анықталатыны белгісіз. Мен оны индекстеуді ашық етіп қана қоймай, ЭЫДҰ-ға мүше елдердің деңгейіне жеткізуді ұсынамын. Тиісінше ЕТЖ 60 мың теңгені емес, кем дегенде 150 мың теңгені құрайтын болады» деп нақтылады М.Қажыкен.

Үміткер азаматтық қоғам тақырыбына кеңінен тоқталып, оны өз бағдарламасының негізгі бөлімі екенін атап айтты.

«Мемлекет әрбір азаматқа өзін-өзі дамыту үшін қолайлы жағдай мен мүмкіндік жасауы керек. Азаматтың өзі әлеуметтік серіктестік, атап айтқанда, кәсіп­одақтар, кәсіпкерлер қауымдастығы, азаматтық қоғам институттары арқылы өмір сүру жағдайларын өзгерте алатын процестерге қатысуы керек. Бұл – біздің алға қойған мақсатымыз. Осылайша, үміткер әр адам өздерін лайықты жалақымен қамтамасыз ете алады. Бұл жерде мемлекет пен жұмыс берушілердің әлеуметтік қолдауына да ие болу керек» деді М.Қажыкен.

Зауыт қызметкерлері үміткердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті қалай жүргізуді жоспарлап отырғанын сұрады.

«Тіпті сыбайластардың арасында достарым болса да өте қатал боламын» деп жауап берді ол. М.Қажыкен қазіргі уақытта сыртқы қауіптердің төнуі мәселесі күрделі жағдайда, ұлттық қауіпсіздік, оның ішінде қорғаныс бағытын нығайту өте өзекті екенін атап өтті.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button