Сайлау-2022

Зауыт жұмысшыларымен кездесті

Президенттікке үміткер Салтанат Тұрсынбекова Түркістан облысындағы 1100 адам еңбек ететін Кентау трансформатор зауытына барды. Бұл – ТМД-дағы трансформаторлық жабдықтар шығаратын ірі кәсіпорынның бірі.

Жетекші қазақстандық өндіруші экономиканың барлық салаларына, соның ішінде электр энергетикасы, металлургия, машина жасау, көлік, мұнай-газ кешені, тұрғын үй-коммуналдық секторға өнім жеткізеді. Үміткер жұмысшылардың құқығы депутат, шенеуніктерден кем емес дәрежеде қорғалуы қажеттігін қадап айтты.

Зауыттағы барлық жұмысшылардың 30 пайызын әйелдер құрайды. Кездесуде жұмысшылардың бірі сөз алып, күн сайын азық-түлік, тұрмыс заттарының күрт қымбаттап, ал жалақының аздығын тілге тиек етті.

Тағы бір қызметкер Салтанат Тұрсынбековаға өзінің сайлауалды бағдарламасында жұмыс істейтін әйелдердің зейнет жасын 58 жасқа дейін төмендетуді ұсынғаны үшін алғыс айтты.

«Осыған дейін жалпы әйелдер қауымы зейнет жасын 58-ге дейін шегеруді сұрап, көп өтініш жасадық. Бірақ 61 жасқа ғана қысқартты. Тым болмағанда, 60 жас деп белгілегені жөн еді» деді ол.

Салтанат Тұрсынбекова еңбек етіп жүрген азаматтардың өмірін жақсы жаққа өзгерткісі келетінін атап айтты. Үміткер өзінің сайлауалды бағдарламасынан үзінділермен бөлісті, онда ең төменгі жалақы мен ең төменгі күнкөріс деңгейін арттыру (зейнетақы жинақтары, жәрдемақылар және шәкіртақылар), көпбалалы және қиын өмірлік жағдайдағы отбасылардың қарыздарын есептен шығару, жалғызбастылардың мәртебесін заңнамалық тұрғыдан бекіту туралы ұсыныстар айтылды. Толық емес отбасы мен жас отбасыларға ипотека алу кезінде жеңілдіктер мен субсидиялар енгізу және т. б. ұсынысын жеткізді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button