Жаңалықтар

Әлемде үздік ондықта

Елордалық Cerebra стартапы әлемдік инновациялық жобалардың үздік ондығына кірді. Отандық жоба Medtronic компаниясының нұсқасы бойынша медициналық жасанды интеллект саласына қатысты болып отыр.

[smartslider3 slider=1904]

Cerebra – ишемиялық және геморрагиялық инсульт ауруын автоматты түрде диагностикалауға арналған нейрорадиология саласындағы жасанды интеллект. Жоба Қазақстанда 17 инсульт орталығында тестілік тәртіпте жұмыс істейді. Компания оны елдегі барлық орталықтарға орнатуды жоспарлап отыр. Ол 2018 жылдан бері жасанды интеллект саласында технология өндірумен айналысатын Almaty A.I. Lab компаниясы жасады.

Cerebra – Astana Hub және АХҚО-ның резиденті. MedTech стартапына бастапқы кезеңінде сингапурлық Quest Ventures венчурлік қорынан инвестиция тартылды. Одан бөлек, жоба «Сәби» қорының «2019-2020 жылдары өз бизнесіңді құр» атты байқауында 1 орын алды. Cerebra қазақстандық және шетелдік стартаптар арасында жоғары орын алады: Astana Hub нұсқасы бойынша 2020 жылы үздік стартаптардың ондығына кірді, Irbis Ventures нұсқасы бойынша Орталық Азиядағы болашағы зор стартаптардың да үздік ондығынан табылды, ал мамыр айында жоба Шығыс Еуропа, Орта Азия және Ресейдің 700 стартапының ішінде EMERGE Challenge 2021 жеңімпаздарының қатарына өтіп, үздік бестіктің қатарынан көрінді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button