Қала мен Сала

Қайта екпе салдырды

iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығының қызметкерлері коронавирустық инфекцияға қарсы ревакцинациядан белсенді өтті. Олар халықпен тығыз қарым-қатынаста қызмет атқаратын басқа да азаматтарды қайта екпе алуға шақырды.

[smartslider3 slider=1902]

Елімізде карантин басталғалы бері iKOMEK109 орталығы елорда тұрғындарымен және қонақтарымен үздіксіз байланыста жұмыс істеп келеді. Ондағы қызметкерлер қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етумен бірге коронавирус және төтенше жағдай режимі мәселелері бойынша бірыңғай жедел желі қызметін де атқарып жүр.

Қазіргі кезде iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығына түсетін сұрақтардың басым бөлігі денсаулық сақтау мәселелеріне қатысты болып отыр. Жыл басынан бері орталық қызметкерлері 165 мың өтініш қабылдаса, оның 2 мыңнан астамы – вакцинация және ревакцинация мәселелері төңірегінде, ал 1,6 мыңы – коронавирус белгілері бойынша консультациялар.

«Эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып отыр. Сондықтан iKOMEK109 қызметкерлері үшін өз денсаулығы мен жақындарының денсаулығын қорғау ғана емес, сонымен қатар iKOMEK109 қалалық орталығының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін де ревакцинациядан уақытылы өту маңызды» деді аталмыш орталық басшысы Жаннат Дүбірова.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button