Жаңалықтар

Әлиханды ән-күймен әспеттеді

Елорданың Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының «Сарыарқа» фольклорлық ансамблі «Астана» концерт залында Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына арналған «Алаштың Әлиханы» атты концерт өткізді. Фольклорлық ансамбльдің көркемдік жетекшісі, Мәдениет саласының үздігі – Тоғжан Жахин.

[smartslider3 slider=1401]

Ұлт алдындағы жауапкершіліктің ауыр жүгін қара нардай көтере білген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның рухына арналған кеште Мәдениет қайраткері Секен Сыздық, Мәдениет саласының үздігі Шығыс Махан, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығың иегері Алтынбек Әбілда, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Сәулежан Тағзия, Нұржан Мейірхан, Жақсыгелді Маясаров, Алуа Қалымбекова, Өзгеріс Шерікбай, Әйгерім Күлшина, «Әлем» эстрадалық би ансамблі және «Шалқыма» халық би ансамблі өнер көрсетті. Концерт барысында Ықылас Дүкенұлы, Кенен Әзірбаев, Мағжан Жұмабаев, Ескендір Хасанғалиев, Тұрсынғазы Рахимов, тағы басқа композиторлардың шығармалары орындалды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button