Білім

АЛТЫ МЫҢНАН АСА ОҚУШЫҒА КӨМЕК БЕРІЛДІ

Астанада жыл сайын дәстүрге айналған 1 тамыздан бастап 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» республикалық акциясы өтті. Биылғы игілікті шара «Бақытты балалық шақ мекені» деген атпен ұйымдастырылды. Акция аясында 6 мыңнан аса оқушыға әлеуметтік көмек көрсетілді.

mektepke-zhol

Ізгілікті істің мақсаты – жаңа оқу жылы қарсаңында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, жетім мен ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған жеткіншектерге материалдық және басқадай қолдау көрсету.
Шара барысында 6 158 аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға 72 млн 473 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді, оның ішінде 4 632 балаға 49 млн 338 мың теңгеге демеушілік қаржы жұмсалды.
Акция аясында қалалық Білім басқар­масының жауапты тұлғалары, полиция қызметкерлері мен білім мекемелерінің мамандары 165 610 пәтер және жекеменшік үй, 1 972 жылы жай нысаны, сонымен бірге сауда нүктелері мен көңіл көтеру орындары және тұрғын үй жертөлелерін аралады. Қорытындысында біліммен 22 жасөспірім қамтылмай қалғаны анықталды.
Сонымен қатар, «Еуразия», «Жаннұр» секілді ірі сауда орындары мен орталық базар аумағында киім-кешек пен мектепке керекті жабдықтарға арналған контейнерлер қойылды. Елорда әкімдігінің алдындағы алаңда мектеп жәрмеңкесі өткізілді. Оған 10 мыңнан астам адам қатысты. Жәрмеңкеде мектеп формасы, кеңсе тауарлары мен оқулықтар сатылды. Сол шараға қатысқан компаниялар қатарында отандық өндірушілердің саны басым болды.
Сондай-ақ, 200-ден аса тұрғын балаларды мектепке орналастыру, тиісті құжаттарды даярлау мен қалпына кел­тіру бойынша Білім басқармасы мен «Құқық» қоғамдық қорының өкілдерінен консультациялық көмек алды. Барлық мектептерде «Бірінші сыныпқа бірінші рет», «Отбасыдан отбасыға жәрдем: баланы мектепке жинайық» және «Балаларға бірге көмектесейік» атты шаралар ұйым­дастырылды.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button